Франциямен қайта кездесеміз

Фотография - Франциямен қайта кездесеміз

Швейцарияның Ньон қаласында жастар құрамалары арасындағы "Еуро - 2015" іріктеу додасының жеребесі тартылып, Сергей Боровский бастаған Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

111 0

Швейцарияның Ньон қаласында жастар құрамалары арасындағы "Еуро - 2015" іріктеу додасының жеребесі тартылып, Сергей Боровский бастаған Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды.

    Жерлестеріміз Франция, Беларуся, Армения және Исландия құрамаларымен бірге 10-шы топта өнер көрсетеді. Ойындардың күнтізбесі құрама өкілдерінің өзара келісімінен кейін белгілі болады.

Айта кетейік, ойындар үстіміздегі жылдың 22 наурызында басталады. 10 топтың 10 үздігі және өз топтарында екінші орын алған командалардың ішінде көрсеткіштері жоғары төрт құрама електік сынға жолдама алып, "Еуро-2015" біріншілігінің негізгі кезеңіне берілер жеті "билетті" сарапқа салады. Финалдық кезең 2015 жылы Чехияда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!