Чиншанло 2012 жылдың үздік ауыр атлеті атанды

Фотография - Чиншанло 2012 жылдың үздік ауыр атлеті атанды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2012 жылдың ең үздік ауыр атлеттердің есімін жариялады

178 0


Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2012 жылдың ең үздік ауыр

атлеттердің есімін жариялады.

Қорытынды бойынша, әйелдер арасында Лондон олимпиадасының чемпионы қазақстандық Зүлфия Чиншанло «2012 жылдың ең үздік ауыр атлеті» атанды. Екінші және үшінші орынды да қазақстандық ауыр атлеттер Мая Манеза мен Светлана Подобедова иеленді.

Ерлер арасында ирандық 23 жастағы Вехдад Салими Кордасиаби «2012 жылдың үздік ауыр атлеті» атағын алды. Екінші орында – қазақстандық Илья Ильин. Үздік үштікке Польшаның ауыр атлеті Адриан Зелински де кірген.

Үздіктер дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беру рәсімін IWF 2012 жылдың 20 желтоқсанынан бастап, 2013 жылдың 20 қаңтары аралығында өткізді. Қорытынды 1 ақпанда жарияланды. Шараға барлығы 1300 жанкүйер қатысқан.

«2012 жылдың ең үздік ауыр атлеті» атағына Лондон олимпиадасында чемпион атанған 8 ер, 7 әйел атлет үміткер болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!