Головкиннің қарсыласы ауысты

Фотография - Головкиннің қарсыласы ауысты

Жекпе-жек 30 наурыз күні болады

167 0

Жуырда әйгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннади Головкиннің ганалық қарамаржан Осуман Адаммен жұдырық түйістіретінін айтқан болатынбыз. Алайда, бұл жекпе-жек кейінге қалдырылды. Геннадий Головкин өзінің кезекті кездесуін Францияда өткізеді. Бұған дейін боксшымыз ганалық Осуман Адаммен қолғап түйістіретіндігін айтқанбыз. Алайда, бұл кездесу кейінге қалдырылды. Күні кеше белгілі болғандай, Адамның орнына Генаға жапондық боксшы қарсылас атанып отыр.

Жекпе-жек 30 наурыз күні болады. Жапондық жігіттің есімі Набухиро Ишида. Ол кәсіпқой бокс алаңында үлкен жетістіктерге жете қоймаса да тәжірибелі спортшы. Шаршы алаңда өткізген 34 жекпе-жегінің 24-де жеңіске жеткен.

Ал, отандасымыз Геннадий Головкин әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген. Ол барлығы 25 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Генаның соңғы қарсыласы американдық Габриэль Росадо болатын. Азулы боксшыны Головкин жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Сол жекпе-жектің алдында жерлесіміз биыл бес кездесу өткізуге ниетті екендігін айтқан еді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!