Роналдудың ең алғашқы автоголы

Фотография - Роналдудың ең алғашқы автоголы

Мадридтік «Реалдың» сапында өнер көрсететін Роналдудың бұл голынан кейін корольдік клуб ұлттық чемпионатта тағы бір рет жеңіліске ұшырады

238 0

Әлемге танымал футболшы, португалиялық Криштану Роналду өзінің спорттық карьерасындағы алғашқы автоголын соқты. Мадридтік «Реалдың» сапында өнер көрсететін Роналдудың бұл голынан кейін корольдік клуб ұлттық чемпионатта тағы бір рет жеңіліске ұшырады.

«Реалды» тізе бүкітрген «Гранада» футбол клубы. Өз алаңында біріншіліктің көшбасшысын қабылдаған гранадалық футболшылар қақпаларына доп жіберген жоқ, өздері де салмады. Тек Роналдудың байқаусызда өз қақпасына баспен соққан голы ойынның бар мәселесін шешкен болатын.

Екі команданы да ойынға салғырт қарады деп айту қиын. Турнир кестесінде екеуінің де жағдайы мәз емес-тін. «Реал» біріншілік алтынынан үміт үзіп, кестенің үшінші сатысында тұрақтаса, «Гранада» ең соңғы орындардың бірінде біріншіліктен шығып қалмай үшін күресіп жатқан. Осы жеңісінен кейін олар өз жағдайларын әлдеқайда түзеп, «қауіпті аймақты» біржола тастап шықты. 


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!