Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда

Фотография - Дэвис кубогы: Қазақстан - ширек финалда

Теннистен Қазақстан ерлер құрама командасы Дэвис кубогының ширек финалына шықты

217 0

Теннистен Қазақстан ерлер құрама командасы Дэвис кубогының ширек финалына шықты.

Диас Досқараев бастаған біздің жігіттер Австриядан басым түсті, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Бұған дейін Андрей Голубев пен Евгений Королев жекелей кездесулерде жеңіске жетіп, Қазақстан 2:0 есебімен алға шыққан еді. Артынша жұптық кездесуде Австрия есепті қысқартқан. Ал 3 ақпан, жексенбі күні Андрей Голубев Юрген Мельцерді ұтты.

Теннис. Дэвис кубогы. 1/8 финал:

Андрей Голубев (Қазақстан) - Юрген Мельцер (Австрия) - 4:6; 6:3; 6:4; 6:2.

Австрия құрамасы соңғы бесінші кездесуден бас тартты. Қазақстан құрамасы енді ширек финалда Чехиямен кездеседі.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!