Мұхаммед Әлидің хәлі нашар

Фотография - Мұхаммед Әлидің хәлі нашар

Рахман 71 жасар чемпион қазір сөйлей алмайды және өзін танымайды деді

307 0

Көзі тірісінде аңызға айналған даңқты боксшы Мұхаммед Әлидың (Кассиус Марцеллус Клей – шын есімі ) науқасы ушығып кеткені сонша, ол ұзаққа бармауы мүмкін деп жазады Daily Mail боксшының інісі Рахман Әлидің сөзіне сілтеме жасай отырып.

Рахман 71 жасар чемпион қазір сөйлей алмайды және өзін танымайды деді. Ол даңқты боксшы енді көп ұзамайды, мүмкін жарты жыл, мүмкін ай өмірі қалған шығар деп қауіптенеді. Інісі Мұхаммед Әли бұған дейін егер өліп қалатын болсам, құлыптасыма Мартин Лютер Кингтің: « Мен жалаңаштарды киіндіргім келді, аштарды тамақтандырғым келді»,– деген сөзді жазып қойыңдар деген аманат айтыпты.

Мұхаммед Әли 1960 жылы жартылай ауыр салмақта Олимпиада чемпионы атанды. Кәсіпқой бокстан ауыр салмақта үш дүркін әлем чемпионы. Ол 17 қаңтар 1942 жылы Луисвиллде туған. Әли кейінгі 27 жыл бойы паркинсон ауруымен ауырады.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!