Мұхаммед Әлидің қызы әкесінің өлім аузында жатқанын жоққа шығарды

Фотография - Мұхаммед Әлидің қызы әкесінің өлім аузында жатқанын жоққа шығарды

Атақты боксшы Мұхаммед Әлидің қызы – Мэй Мэй Әли әкесінің өлім аузында жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, жексенбі күні осындай мәлімдеме жасады

198 0

Атақты боксшы Мұхаммед Әлидің қызы – Мэй Мэй Әли әкесінің өлім аузында жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, жексенбі күні осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Әкемнің жағдай жақсы. Мұндай қауесет үнемі шығып тұрады, бірақ еш негізі жоқ», – деді ол америкалық БАҚ-қа. Қызының айтуынша, дәл қазір Мұхаммед Әли Аризона штатындағы өз үйінде АҚШ Ұлттық футбол лигасы (ҰФЛ) чемпионы атағы үшін жарыстың қорытынды ойынын теледадир арқылы тамашалап отыр. «Ол Балтимордан келген командаға жанкүйер болуда», – деді Мэй Мэй Әли.

Ақтық кезеңде «Сан-Франциско фотинайнерз» бен «Балтимор рэйвенз» командалары кездеседі.

Бұған дейін атақты боксшы Мұхаммедтің бауыры Рахман Әли британдық «Сан» газетіне берген сұхбатында бокстың аңызына айналған спортшы өлім аузында жатыр деген болатын.

«Оның хәлі өте нашар, сырқаты асқынған, - деді Рахман Әли. – Дәм-тұзының таусылуына мүмкін, бірнеше ай, мүмкін бірнеше күн қалған болар. Осы жаздың соңына дейін өмір сүре ме, жоқ па, мен білмеймін. Ол Құдайдың ғана қолында», - деп толықтырды ұлы спортшының бауыры.

ИТАР-ТАСС хабарлағандай, Рахман Әлидің сөзіне қарағанда, соңғы рет ол бауырын өткен жылдың шілдесінде Лондонда көрген екен, Мұхаммед Әли жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқан болатын. Олимпиаданың ашылуына арналған салтанатты жиында әлемдегі ең танымал спортшының бірі Әли тым жүдеу көрінген, қимылы сылбыр, аяғын әрең басып жүргені ел есінде, оны әйелі Лонни демеп жүрген болатын. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!