Австрия айдынында жеңіске жеттік

Фотография - Австрия айдынында жеңіске жеттік

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Австриямен жолдастық кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті

150 0

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Австриямен жолдастық кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты хабарлайды. Бұл күндері Венада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан ұлттық құрама тарапынан гол соққандар қатарында Талғат Жайлауов та бар.

Австрия - Қазақстан 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

Гол соққандар:


0:1 - 10:51. Беляев

1:1 - 11:43. Уэлзер

1:2 - 23:14. Жайлауов (Полищук, Краснослободцев)

1:3 - 31:22. Беляев (Старченко, Уппер)

1:4 - 52:59. Рахманов (Новопашин, Трощинский)

Қақпашылар: Светте - Колесник

Бұл матчта Қазақстан азаматтығын алған Кевин Даллмэн де айдынға шықты. Кевин құрамаға ауысқан бойда, жаңа капитан Алексей Трощинскийдің көмекшісі болып сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Сочи Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу додасына дайындық жүргізуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!