«Ордабасы» қаһарына мінді

Фотография - «Ордабасы» қаһарына мінді

Футболдан ел біріншілігінде өнер көрсететін Шымкенттің «Ордабасы» командасы жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда. Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында да шымкенттіктер бірнеше жолдастық кездесу өткізді

265 0

   Футболдан ел біріншілігінде өнер көрсететін Шымкенттің «Ордабасы» командасы жаңа маусымға дайындықты жалғастыруда. Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында да шымкенттіктер бірнеше жолдастық кездесу өткізді.

   Алдымен Әзірбайжанның азулы «Интер» командасымен кездескен жерлестеріміз қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Бұл сында «Ордабасы» шабуылшылары бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Одан кейін В.Масудовтың шәкірттері Арменияның «Гандзасар» командасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл сында А.Касьянов, Қ.Әшірбеков, Г.Мальцев және С.Жұмаханов бір-бір реттен мергендік танытты.

   Үшінші кездесуінде «Ордабасы» Молдованың бірнеше дүркін чемпионы «Зимбру» командасын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды жас шабуылшы Мардан Төлебек салды.

   Түркия төріндегі матчтарда жас шабуылшылар Санат Жұмаханов пен М.Төлебек жақсы ойын-өрнегін көрсетуде. Шымкент футбол мектебінің түлектері болып табылатын бұл өрендер негізгі құрамнан орын алады деген сенім бар. Сондай-ақ Р.Абдуллин, А.Нұрғалиев, Қ.Әшірбеков сынды сақа ойыншылар да бабында.

   «Ордабасы» командасының баспасөз хатшысы Ілияс Жолдастың хабарлауынша, команда құрамында грузиялық Д.Чегелашвили мен сербиялық  Н.Вадинович сынақта жүр. Үздік өнерімен көзге түскен легионерлердің бірі жаңа маусымда «Ордабасының» жейдесін киіп қалуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!