Түркия кілемінен қос қола

Фотография - Түркия кілемінен қос қола

Түркияда грек-рим күресінен Вэхби Эмре Голден Гран При бәсекесі аяқталып, Қазақстан құрамасының балуандары екі қола жүлде жеңіп алды

153 0

Түркияда грек-рим күресінен Вэхби Эмре Голден Гран При бәсекесі аяқталып, Қазақстан құрамасының балуандары екі қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының ресми сайты хабарлайды.

Түркия төріне Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Иран, Тунис, Сербия, Беларусь, Грузия мемлекеттерінің балуандары жиналыпты. Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі спортшылары Америкада оқу-жаттығу жиындарында жүр. Сол себепті, бұл жолы дарынды жастарға мүмкіндік берілген еді. Бұл мүмкіндікті 55 келіде ел намысын қорғаған Жансерік Сәрсенбиев пен 60 келі салмақта сынға түскен Дәурен Әбсәлімовтар мүлт жіберген жоқ. Аталған балуандар өз салмақтарында тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Жүлдегерлер диплом мен бағалы сыйлықтан бөлек, 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы да алып қайтты. Жансерік те, Дәурен де Жамбыл күрес мектебінің өкілдері.

Вэхби Эмре Голден Гран При додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

55 kелі

1. Иван Татаринов (Ресей)

2. Эльбек Тажиев (Беларусь)

3. ЖАНСЕРІК СӘРСЕНБИЕВ (ҚАЗАҚСТАН)

3. Ширзад Бхеститала (Иран)

60 келі

1. Павел Салеев (Ресей)

2. Санал Семенов (Ресей)

3. ДӘУЛЕТ ӘБСӘЛІМОВ (ҚАЗАҚСТАН)

3. Мевлут Арик (Түркия)

66 kелі

1. Расул Чунаев (Әзірбайжан)

2. Мухаммад Карими (Иран)

3. Виталий Масибович (Әзірбайжан)

3. Кардаш Яраслау (Беларусь)

74 келі

1. Шереф Туфенк (Түркия)

2. Казбек Килов (Беларусь)

3. Антон Хоменко (Ресей)

3. Ниямаддин Ибрагимов (Әзірбайжан)

84 келі

1. Селчук Чеби (Түркия)

2. Ревази Надарешвили (Грузия)

3. Али Гейташкули (Иран)

3. Хусеин Нури (Иран)


96 келі

1. Ченк Илдем (Түркия)

2. Рустам Тотров (Ресей)

3. Ахмет Тачиылдыз (Түркия)

3. Михаил Хачаиа (Грузия)

120 келі

1. Риза Каялп (Түркия)

2. Лозеб Чугошвили (Беларусь)

3. Мехди Нури (Иран)

3. Эмин Озтурк (Түркия)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!