Хоккейшілеріміздің капитаны анықталды

Фотография - Хоккейшілеріміздің капитаны анықталды

Қазақстанның хоккей құрамасының алдағы Олимпиадалық іріктеу кезеңіндегі капитаны анықталды

354 0

Қазақстанның хоккей құрамасының алдағы Олимпиадалық іріктеу кезеңіндегі капитаны анықталды.

Енді іріктеу кезеңдерінде біздің жігіттерді мұзайдынға астаналық «Барыс» командасының қорғаушысы Алексей Трощинский алып шығатын болады. Сондай-ақ, команда жетекшілері капитанның көмекшісі ретінде Дмитрий Уппер мен Кевин Даллмэнды таңдады.

Жалпы іріктеу кезеңдерінде біздің құраманың бапкерлер қосыны жігіттердің алдына өз тобында тек бірінші орын алу деген мақсат қойған.

Айта кетейік, кеше Қазақстан хоккей құрамасының бас менеджері Шуми Бабаев канадалық хоккейші Кевин Даллмэнға ресми түрде Қазақстан азаматтығын табыстады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!