Еуропада футболдағы алаяқтық әрекеттер әшкереленді

Фотография - Еуропада футболдағы алаяқтық әрекеттер әшкереленді

Еуропада жүргізілген халықаралық тексерулер барысында 380 футбол матчының келісіммен ойналғаны анықталды.

159 0

Еуропада жүргізілген халықаралық тексерулер барысында 380 футбол матчының келісіммен ойналғаны анықталды. Бұл туралы Гаагада өткен жиында Еуропол (Еуропа Одағының полиция қызметі) басшысы Роб Уэйнрайт мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, тергеушілер құрлықтың 15 мемлекетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жалпы саны 425 шенеунік, футболшы мен қылмыстық топ өкілдерін анықтаған.

Келісіммен ойналған матчтардан түскен табыс пен берілген пара көлемі 10 миллион еуроны құраған. Оның сегіз миллионы алдын ала келісілген матчтарға тігілсе, екі миллионы футболшылар мен ойындарға қатысы бар басқа да адамдарға төленген. Уэйнрайт мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады.

Келісіммен ойналған ойындар арасында әлемдік және еуропалық футбол біріншіліктерінің матчтары, Чемпиондар лигасының екі матчы бар. Еуропол тергеушілері бұған қоса алаяқтық әрекеттерге Азиядағы қылмыстық топтар өкілдерінің де қатысы барын айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!