Чех пен Шкртел өз елінің үздіктері

Фотография - Чех пен Шкртел өз елінің үздіктері

Ал Словакия елі өз үздігі деп «Ливерпуль» қорғаушысы Мартин Шкртелді таныды

130 0

Ағылшындық «Челси» командасының қақпашысы Петр Чех осымен алтыншы рет Чехия елінің үздік ойыншысы атанып отыр. Екінші орын «Вердер» қорғаушысы Теодор Гебре Селассие иеленсе, үшінші сатыға «Гамбург» ойыншысы Петр Ирачек жайғасты.

Чехияның үздік бапкері атағы  үшінші рет қатарынан «Виктории» тізгінін ұстаған Павел Врбаға бұйырды. Аталған елдің үздік жас ойыншысы деген атқа  «Челси» командасының «Витесске» жалға берген ойыншысы Томаш Калаш лайық болды.

Ал Словакия елі өз үздігі деп «Ливерпуль» қорғаушысы Мартин Шкртелді таныды. Бапкерлер мен ойыншылар, Словакия футбол қауымдастығы мен журналистердің  дауыс беру нәтижесінде «Зениттің» бұрынғы ойыншысы екінші орын алған Марек Гамшиктен 16 дауыс артық жинады. Үздік үштікті «Трабзонспор» ойыншысы Марек Сапар түйіндеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!