Владимир Кличко кубалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты

Фотография - Владимир Кличко кубалық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты

Атақты украиндық боксшы Владимир Кличко кубалық Одланьер Солиспен жұдырықтасудан бас тартты

327 0

Атақты украиндық боксшы Владимир Кличко кубалық Одланьер Солиспен жұдырықтасудан бас тартты. Бұл жөнінде БАҚ-қа Солистің промоутері мәлімдеді.

utro.ru хабарлағандай, қаңтар айының соңында Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Кличкоға WBA-ның «тұрақты» чемпионы ресейлік Александр Поветкинге қарсы міндетті қорғау алдында өз атағын еркін қорғауға арнайы рұқсат берді. Украиндық боксшы 6 сәуірде шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Оның қарсыласы олимпиадалық чемпион Солис болар еді. Бірақ, тараптар бір келісімге келе алмаған. Кубалық тарап Кличко жеңіліп қалудан қауіптеніп, жекпе-жекке шығудан бас тартты деп санайды. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!