Балаш Башкай мемориалына 5 боксшы аттанды

Фотография - Балаш Башкай мемориалына 5 боксшы аттанды

Бүгін Дебреценде бокстан Балаш Башкай мемориалы басталады

186 0

Бүгін Дебреценде бокстан Балаш Башкай мемориалы басталады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. Осымен 57-ші рет жалауы желбірейтін турнирде Қазақстан намысын 5 боксшы қорғайды.

52 келі - Азат Махметов

56 келі - Рустам Рустамов

69 келі - Мейірім Нұрсұлтанов

81 келі - Алмат Серімов

+91 келі - Олжас Букаев

Боксшыларды танымал бапкер Нұрғали Сафиуллин бастап апарады. Халықаралық турнирге әлемдік бокста аты біршама танылып үлгерген спортшылар қатысады деп күтілуде. Мәселен, Ресей құрамасы ауыр салмақта Магомед Омаровты шаршы алаңға шығаруды жөн көрген. Сондай-ақ, Еуропа чемпионы Артем Чеботарев, Еуропа чемпионатының жүлдегері Галик Баланов сынды боксшылар аталған бәсекенің көрігін қыздырмақшы.

Дода ақпанның 10-ы күні аяқталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!