WBA Головкинді ең үздік боксшы деп таныды

Фотография - WBA Головкинді ең үздік боксшы деп таныды

Геннадий Головкин қаңтар Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қаңтар айындағы ең үздік спортшысы атанды.

180 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қаңтар Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) қаңтар айындағы ең үздік спортшысы атанды.

Бұл атаққа ол биылғы жылдың 19 қаңтарында америкалық боксшы Габриэл Росадомен болған жекпе-жегінен кейін ие болып отыр. Өзінің кәсіпқой бокстағы 25-ші жеңісіне Геннадий 7 раундта техникалық нокаутпен қол жеткізіп, WBA және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі биылғы жылдың 30 наурызында Монте-Карлода (Монако) өтеді. Бұл жолғы қарсыласы – жапондық Нобухиро Ишида.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!