«Жетісу» екі жыл жеңіліссіз

Фотография - «Жетісу» екі жыл жеңіліссіз

Өткен аптада Щучинск қаласында волейболдан ХХІ Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы Ұлттық лигасында үшінші турдың ойындары тамамдалды. Жеке-дара көш бастаған «Жетісу» тағы да қарсыластарын қоғадай жапырды

261 0

Өткен аптада Щучинск қаласында волейболдан ХХІ Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы Ұлттық лигасында үшінші турдың ойындары тамамдалды. Жеке-дара көш бастаған «Жетісу» тағы да қарсыластарын қоғадай жапырды.

Былтырғы маусымда бірде-бір ойында жеңілмей, ел чемпионы атанған «Жетісу» қыз­дары биыл да еш клубқа дес берер емес. Биылғы маусымда, яғни үш турдың ой­ындарын қосқанда, 12 ойын өткізіп, со­ның бәрінде де жеңіске жетті. Міне, екі жыл болды, Талдықорған қыздары жеңі­ліс­тің кермек дәмін татпай келеді. Осы екі жылдағы ел чемпионаты аясында өткізген 66 ойынды жеңіспен аяқтапты. Соңғы рет 2011 жылдың 9 ақпаны күні Павлодарда ұтылған екен. Содан бері сүрінген емес.

Қызық болғанда, әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың төртінші туры тура осы Ке­реку шаһарында өтпек. Керекуде бастал­ған екі жылдық жеңісті жол, дәл осы қала­да үзіліп қалмай ма? Жоқ, әлде «Жетісу» же­ңіліссіз ойындарын үшінші жылға жет­кізе ме?

Мұның жауабын 22-28 ақпан аралы­ғын­да білетін боламыз. Дәл осы күндері Керекуде төртінші турдың ойындары өтеді.

Асқар Шалқыбаев жаттықтыратын Же­ті­су өңірінің қыздары биылғы 12 жеңіс­інің үшеуіне тай-брейкте қол жеткізді. Қал­ған тоғызында қарсыластарына әлім­жет­тік жасады деуге болады. Осындай қар­қын­мен алға ентелеген «Жетісу» ел чемпио­наты кестесінде екінші орындағы «Астана» аруларынан 11 ұпай ұзап кетті. Қалған үш тур­да жер тарпыған «Жетісуды» қуып жету мүмкін емес сияқты. Ендеше, биыл да Тал­дықорған клубының топ жара­тындығына күмән келтіруге болмас, сірә.

Екінші орынды еншілеп тұрған «Астана» клубының да жағдайы жаман емес. Алтын арман болғанымен, күміс жүлдені уыстан шы­ғармауға болады. «Ертіс Қазхром» (Пав­лодар облысы) үшінші орында тұр. Бі­рақ сәл босаңсыса, төртінші орындағы «Қа­ра­ғанды» қыздарының қуып жетуі мүм­кін. Сондай-ақ көш соңындағы «Ал­ма­ты» арулары да кем дегенде қола жүл­деге қол жеткізуден әлі үміттерін үзген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!