Геннадий Головкин «Астана» спорт клубына кіруге ниетті

Фотография - Геннадий Головкин «Астана» спорт клубына кіруге ниетті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіруге ниетті

220 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіруге ниетті. WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы имидждік «Астана» жобасының басшылығына бірлесіп жұмыс істеу жөнінде ұсыныс жасаған. Спорт клубының басты демеушісі «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры біздің былғары қолғап шеберіне қаржылай көмек көрсетуге дайын.

ДАРХАН ҚАЛЕТАЕВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда Геннадий Головкиннің менеджерлерімен келіссөздер жүріп жатыр. Алдағы айларда біз қандай да бір шешімге келеміз деп ойлаймын. Екі тарап та бір-біріне түсіністікпен қарап отыр. Сондықтан да Г.Головкин жеке жоба ретінде "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіруі мүмкін.

АҚШ

Жігер Әзберген


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!