Қазақстан жолдастық кездесуде Молдавияны ұтты

Фотография - Қазақстан жолдастық кездесуде Молдавияны ұтты

Бұл ойында Бауыржан Жолшиевт қарсыластар қақпасына екі рет доп кіргізді және Виктор Дмитренок бір голдың иесі атанды

170 0

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Молдавия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Бұл ойында Бауыржан Жолшиевт қарсыластар қақпасына екі рет доп кіргізді және Виктор Дмитренок бір голдың иесі атанды.

Ұлан Қонысбаевтың доп беруімен Виктор Дмитренко ойында есеп ашты. Екінші гол да Ұлан Қонысбаевтың қатысумен салынды. Ұлан қапталдан өтіп, допты Бауыржан Жолшиевке берді, ол допты қақпаға дәл бағыттады. Ал молдавалықтар тарапынан Анатолий Дорош гол салды. Бірақ, ойынның соңғы минутында Жолшиев тағы бір рет қарсыластар қақапасына доп кіргізіп, қорытынды есепті 3:1-ге жеткізді.

Қазақстан – Молдова 3:1 (1:0)

Голдар: Дмитренко 33 (1:0), Жолшиев 58 (2:0), Дорош 85 (2:1), Жолшиев 90 (3:1)

Қазақстан: Сидельников, Киров, Логвиненко, Гурман, Нұрдәулетов, Қонысбаев (Байжанов Т. 83), Дмитренко, Хайруллин (Кукеев 77), Байжанов М. (Шахметов 67), Нөсербаев (Остапенко 58), Жолшиев (Хижниченко 90)

Молдова: Пащенко, Головатенко, Раку, Иванов, Епуряну, Пащенко, Гацкан, Пикущак (Дорош 50), Булгару, Суворов, Дедов (Даду 74)

6 ақпан. Түркия, Анталья. «Мардан Стадиуму» стадионы. 

 

bnews.kz сйтынан


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!