Александр Винокуров өзін сотта қорғамақ

Фотография - Александр Винокуров өзін сотта қорғамақ

Италияның тәртіп сақшылары Олимпиада чемпионының Бельгиядағы біркүндік жарыстағы жеңісіне күмәнмен қараған болатын

153 0

Әйгілі велошабандоз Александр Винокуров соттасуға дайындалып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Италияның тәртіп сақшылары Олимпиада чемпионының Бельгиядағы біркүндік жарыстағы жеңісіне күмәнмен қараған болатын

Олар В.Винокуров жарыс кезінде оны өкшелеп келе жатқан ресейлік спортшы Александр Колобневпен сөз байласып, 150 мың еуроға жеңісті сатып алды деп отыр. Ал қазақстандық шабандоз болса, бұған аса мән бермейді. Спортшы өзінің кінәсіз екенін айтып, сотта жеңіп шығатынына сенімді.

АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ, «АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Жеңісті сатып алу мүлде болған емес. Бұл өтірік жала жабу. Менің ар-ожданыма нұқсан келтіргісі келген адамдардың әрекеті. Сот осыны дәлелдеп береді, сенімдімін. Мен жарыста тек таза жеңіске жетіп жүрдім.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!