"Астана арландары" алғаш рет жеңілді

Фотография - "Астана арландары" алғаш рет жеңілді

Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінде Қазақстанның намысын қорғап жүрген "Астана арландары" командасы биылғы маусымда алғаш рет қарсыласына жол берді

273 0

Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінде Қазақстанның намысын қорғап жүрген "Астана арландары" командасы биылғы маусымда алғаш рет қарсыласына жол берді. Жекпе-жек түнде Ұлыбритания астанасы Лондонда "British Lionhearts" командасымен өтті.

"Арландар" ағылшындарға 4-1 есебімен жол берді.

Қазақстандық команданың жалғыз ұпайының иесі - 85 келідегі Хрвоже Сеп. Ол Бабакар Камараны тізе бүктірді.

Бұдан кейінгі жекпе-жектің барлығында ағылшындардың жолы болды. Бәсеке мына боксшылар арасында өтті:

54 келі

Мейірболат Тойытов (Қазақстан)- Эндрю Селби (Уэльс)

61 келі

Ержан Мүсәпіров (Қазақстан)- Самуэль Максвелл (Ұлыбритания)

73 келі

Мирас Байырханов (Қазақстан) - Фрэдди Эванс (Уэльс) 

91 келіден жоғары:

Жосеф Жойс (Ұлыбритания) — Филип Хргович (Хорватия)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!