Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогында жеңіске жетті

Фотография - Қазақстандық теннисші қыздар Федерация Кубогында жеңіске жетті

Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы Федерация Кубогының Азия/Тынық мұхиты елдері белдеуінің бірінші тобында болған кездесуде Таиландтан басым түсті

197 0

Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы Федерация Кубогының Азия/Тынық мұхиты елдері белдеуінің бірінші тобында болған кездесуде Таиландтан басым түсті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ксения Первактың жеке ойындағы жеңісі мен Ярослава Шведованың жеңілісінен кейін қазақстандық құрама аталмыш топта жеңіске жету үшін жұптық жарыста бар күшін салуға міндетті болды. Команда капитаны Юрий Карлов кортқа Галина Воскобоева мен Ярослава Шведованы шығаруды шешті.

Ноппаван Лертчивакарн мен Варатчай Вонгтеанчайға қарсы кездесу қазақстандық жұп үшін оңай болмады. Бірінші сетте Шведова мен Воскобоева 2:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін жарыс барысын өзгертіп, 6:2, 6:0 есебімен қарсыластарының қолдарынан жеңісті суырып алды. 

Қазақстан Үндістан мен Таиландты жеңіп, топта көшбастады. Енді Федерация Кубогының екінші Әлемдік тобына шығу үшін бақ таластырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!