Месси «Барселонамен» келісім-шартын ұзартты

Фотография - Месси «Барселонамен» келісім-шартын ұзартты

Әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын допты» төрт мәрте жеңген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Барселона» клубымен шартнамасын ұзартты

350 0

Әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын допты» төрт мәрте жеңген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Барселона» клубымен шартнамасын ұзартты.

Негізінен Леоның ескі келісім-шарты Каталониялық клубпен 2016 жылдың тамызында бітетін еді. Дегенмен «Барселона» командасының жетекшілері өзінің көшбасшы ойыншысымен келісім-шарттарын тағы да ұзартқанды жөн деп санапты. Енді жаңа келісім бойынша Месси «Барселона» сапында 2018 жылға дейін қалатын болады.

««Барселона» сапында ойнайтыныма өте қуаныштымын. Командадағы жігіттер де өз ісінің нағыз шеберлері. Сондықтан да мен Каталонияда қалғанды жөн көрдім», - дейді Месси.

Айта кетейік, Лео «Барселона» сапына 13 жасында келген болатын. Ал 16 жасында клубтың негізгі құрамында алғашқы рет алаңғы шыққан. Алдын ала болжам бойынша, енді Месси жаңа шартамасы бойынша жылына 11 миллион еуро көлемінде табыс табатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!