Қазақстандық боксшы «Башкай Мемориалы» турнирінде жеңіске жетті

Фотография - Қазақстандық боксшы «Башкай Мемориалы» турнирінде жеңіске жетті

Азат ақтық кездесуде Азия чемпионы қытайлық Йонг Чангты 14:9 есебімен ұтты.

175 0

Қазақстандық боксшы Азат Махметов Венгрияның Дебрецен қаласында өткен «Иштван Башкай Мемориалы» халықаралық «А» санатындағы турнирде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Азат ақтық кездесуде Азия чемпионы қытайлық Йонг Чангты 14:9 есебімен ұтты.

Тағы бір жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов финалда жарыс қожайыны, Еуропа чемпионы Балаш Башкайға 18:23 есебімен ұтылды.

Бұған дейін Рустам Рустамов (56 кг), Ерік Әлжанов (75 кг) пен Олжас Букаев (+91 кг) турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, Венгриядағы халықаралық турнирге 19 елден 121 боксшы қатысқан еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!