Хоккейшілеріміз Сочиге бармайтын болды

Фотография - Хоккейшілеріміз Сочиге бармайтын болды

Қазақстан хоккейшілері өз тобында 6 ұпаймен екінші орын алды

191 0

7-10 ақпан аралығында Ригада Сочи Олимпиадасына жолдама алу үшін Латвия, Қазақстан, Франция, Ұлыбритания құрамалары бір топта сынға түсті. Әрине, жолдама біреу ғана. 

Қазақстан хоккейшілері өз тобында 6 ұпаймен екінші орын алды. Жалқы жолдама жеті ұпайы бар латыштардың қоржынында кетті.

Егер, топтағы соңғы кездесуде Франция Латвияны 1:0, 2:1, 3:2 есебімен жеңетін болса, жолдама бізге бұйырушы еді. Француздар латыштарды 3:2 есебімен тізерлетті. Алайда, ойынның негізі уақытында емес, овертаймда! Хоккей ережесі бойынша, қосымша уақытта жеңілген команда да бір ұпайға ие болады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!