«Astana Pro Team» командасы Оман турындағы жарыс жолын бастады

Фотография - «Astana Pro Team» командасы Оман турындағы жарыс жолын бастады

11 ақпан күні велоспорттан «Оман туры» басталды.

187 0

11 ақпан күні велоспорттан «Оман туры» басталды. Оман Сұлтанатында алты күн бойы өтетін бұл байрақты бәсекеге «Astana Pro Team» командасынан 8 спортшы қатысуда.

Олар - Арман Камышев, Дмитрий Муравьев, италияндық Винченцо Нибали, Якопо Гуарниери, украиндық Андрей Гривко, Дмитрий Груздев,   американдық Эван Хуффман және словениялық Борут Бозич. Қазақстандық кәсіпқой велоклубтың спорт директоры словениялық Горазд Штангели.

«Астаналықтардың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Оман туры өзінің географиялық көршілесі Катар турынан айтарлықтай ерекшеленеді.

«Катар турының әрбір күнінде жел айқындаушы фактор болған еді. Онда аяқ та маңызды рөл атқарды. Енді Оман турында кезеңнің тағдырын таулар шешетін болады. Бұл өте қызықты жарыс болмақ», - дейді Горазд Штангели.

Оның айтуынша, бұл бәсекеде «астаналықтар» таулы жерлерде үздік нәтиже көрсетіп жүрген командаластары Винченцо Нибалиге көмек көрсететін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!