Қос жолдама үшін таласады

Фотография - Қос жолдама үшін таласады

18 ақпанда Үндістанның бас шаһары Нью-Делиде көгалдағы хоккейден әйелдер арасында Әлемдік лиганың екінші кезең ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады

244 0

18 ақпанда Үндістанның бас шаһары Нью-Делиде көгалдағы хоккейден әйелдер арасында Әлемдік лиганың екінші кезең ойындары өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз Үндістанға қарсы өт­кізеді. Келесі күні Жапониямен күш сынасамыз. 21 ақ­панда Малайзиямен шеберлік байқассақ, одан кейін Ресей және Фиджи құрамаларымен кездесеміз. Ұлттық ко­мандамыздың бас бапкері Серік Қалымбетовтің айтуын­ша, бұл жарыстың басты фавориті – Күншығыс елі­нің өкілдері. Түрлі халықаралық жарыстарда атой салып жүрген олар былтыр Лондонда алауы тұтанған Олим­пиада ойындарында да бақ сынады. Алайда тек жа­пондардан сескенгеніміз жөн болмас. Өзге де қар­сылас­тарымыздың арасында да мықты командалар бар. Сондықтан да әр матчқа үлкен жауапкершілікпен келген жөн. Осы мемлекеттердің өзара тартысы арқылы үздік қос команда анықталып, олар үшінші кезеңге жолдама алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!