Қарсыластарымыз белгілі

Фотография - Қарсыластарымыз белгілі

 Ерлер арасындағы дода 21-29 сәуірде Иранда өте­­ді. Оған сары құрлықтың ең үздік 14 командасы қа­тысады. Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы – «Ал­маты» клубы бастапқы бәсекелерде Жапония, Оман және Мальдив аралдарының өкілдерімен ше­берлік байқасады

141 0

 Ерлер арасындағы дода 21-29 сәуірде Иранда өте­­ді. Оған сары құрлықтың ең үздік 14 командасы қа­тысады. Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы – «Ал­маты» клубы бастапқы бәсекелерде Жапония, Оман және Мальдив аралдарының өкілдерімен ше­берлік байқасады. Әйелдер Вьетнамда бас қо­сады. 24 сәуір мен 3 мамыр аралығында жалауы жел­бірейтін жа­рыста Талдықорғанның «Жетісуы» ел намысын қор­ғай­ды. Біздің қыздар Вьетнам, Таи­ланд және Тайпейдің мықтыларымен күш сы­на­сады.

    Қазіргі кезде Қазақстан волейболының жағдайы аса жақсы емес. Олимпиада ойындары мен әлем чем­­пионаттарын айтпағанда, Азия деңгейіндегі до­да­­лардың өзінде дара шығу мүмкін болмай тұр. Шыны керек, бұрынғы бай дәстүріміз жалғасын табар емес. Десек те кеуде түкпірінде әлі де «көш тү­зеледі» деген үміт бар. Ең болмағанда, жоғарыда атал­ған қос жарыстың бірінде жеңіс тойын тойлап жат­сақ, жанкүйерлердің көңілі бір серпіліп қалар еді-ау.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!