Рауан Сариев «Ботафогомен» келісімшартын ұзартты

Фотография - Рауан Сариев «Ботафогомен» келісімшартын ұзартты

Бразилияның Сан-Паулу штатында доп тебетін, нақтырақ айтсақ, «Ботафого» футбол клубының шабуылшысы Рауан Са­риев өткен демалыста елге оралды

143 0

Бразилияның Сан-Паулу штатында доп тебетін, нақтырақ айтсақ, «Ботафого» футбол клубының шабуылшысы Рауан Са­риев өткен демалыста елге оралды. "Алашарена" тілшілеріне берген сұхбатында ол  өзінің қазіргі ко­ман­дасымен келісімшартты тағы ұзартқанын хабарлады.

Маған өмір сүруге Қазақстаннан артық жер жоқ. Дегенмен футболшы болып әлемге танылуым үшін Бразилияда қала бергенім дұрыс. Ол жақта мен техникамды, шебер­лі­гімді шыңдай аламын. Жақында «Ботафо­го­мен» Сан-Паулу штатының жеңімпазы атан­дық. Енді Бразилия біріншілігіне да­йында­ла­мыз. Клуб басшылығы менің ойынымды ұна­та­ды. Соған сәйкес, келісімшартты тағы бір жыл­ға ұзартты, – деп Рауан әуежайда өзін күтіп алған жанкүйерлерін қуантып тастады.

Естеріңізге сала кетейік, Рауан Сариев – Қа­зақстан футболшыларының шеберлігін же­тілдіру үшін Бразилияға жіберілген жеткін­шектердің алғашқы буынынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!