Алаң иелері қонақжай болып шықты

Фотография - Алаң иелері қонақжай болып шықты

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындары басталды. Алаңға алқашқы болып «Валенсия» мен ПСЖ және «Ювентус» пен «Селтик» командалары шықты. Қос кездесуде де қонақтардың мерейі үстем болды

148 0

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындары басталды. Алаңға алқашқы болып «Валенсия» мен ПСЖ және «Ювентус» пен «Селтик» командалары шықты. Қос кездесуде де қонақтардың мерейі үстем болды.

Чемпиондар лигасында осал команданың болмайтыны әу бастан белгілі. Ал сол мықтылардың қатарынан сүрінбей, топтық кезеңді артта қалдырған қарт құрлықтың үздік он алты командасы құлақты кубок үшін арпалысты бастап та кетті.

Топтық кезеңде «Барселонаның» өзін тұқыртып кеткен Глазгоның «Селтик» командасы өз алаңында «Ювентустен» оңбай ұтылды. Италияның даңқты командасы Еуропаның бәсі жоғары турнирінің плей офф кезеңін сағынып қалса керек. Салған жерден шабуылға көшкен қонақтар дегеніне ойынның үшінші минутында ақ жетті.  Одан арғысы төзімділік пен шеберліктің ісі еді. Бұл тұрғыда «Ювентустың» жолы болды.

СЕЛТИК – ЮВЕНТУС 0-3

Ескерту: Хупер 37, Лихтштайнер 37, Форрест 42, Падоин 76, Браун 76,

Гол: Матри 3 (0:1),  Маркизио 77 (0:2), Вучинич 83 (0:3)


Франция астанасынан Валенсияға қонаққа келген жігіттердің де жолы болды. Ойын барысында анау айтқандай басымдылыққа ие болмағанымен жеке ойыншылардың шеберлігі арқасында ПСЖ дегеніне жетті. Ойынның аяқталуына азғана уақыт қалғанда Рамидің салған голы қарымта ойынға аз да болса рең беретін шығар.

ВАЛЕНСИЯ – ПСЖ 1-2

Ескерту: Верратти 32, Перейра 32,

Гол: Лавесси 10 (0:1), Пасторе 43 (0:2), Рами 90 (1:2)

Бүгін түнде тағы да қос кездесу болмақ. Атақты «Реал» мен «Манчестер Юнайтед» Мадридте кездессе,биылғы маусым барысында ойынымен көптеген жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған «Боруссия» мен «Шахтер» Украина жерінде жолығады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!