Мессиге әр "Алтын доп" үшін 1 миллион евродан төленбек

Фотография - Мессиге әр "Алтын доп" үшін 1 миллион евродан төленбек

"Барселонамен" арадағы жаңа келісім бойынша Лионель Мессиге ендігі алған әр "Алтын добы" үшін қосымша сыйақы төленіп тұрмақ

222 0

"Барселонамен" арадағы жаңа келісім бойынша Лионель Мессиге ендігі алған әр "Алтын добы" үшін қосымша сыйақы төленіп тұрмақ.

Испаниялық Marca басылымы хабарлап отырғандай, осы бір өзгерістер Месси мен каталондық клубтың арасындағы жаңа келісім-шартта көрсетілген. 25 жастағы аргентиналық сұрмерген ендігі алған әр "Алтын добы" үшін қосымша 1 миллион евро алып отырмақ. Және жылдық табысы 18 миллионды құрайтын болады.

Месси мен "Барселона" арасындағы келісім 2018 жылдың жаз айына дейін жалғасын табады.

"Мен "Барсаның" сапында ойнай бергім келеді. Мен қазір бақыттымын және мұны айтудан жалыққан емеспін. Бұл күндер - фантастикалық күндер. Білмеймін, 31 жаста қандай болады екенмін. Бірақ, сөзсіз, футболдағы мансап жолымды "Барселонада" аяқтағым келеді. Мен еуропалық басқа клубтарға ауысу туралы еш ойланып жүргенім жоқ. Және бір айта кетерім, мансап жолымның Аргентинада аяқталып қалуын жоққа шығармаймын" - деді Месси "Барселонаның" ресми сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала отырсақ, соңғы төрт жылдың да ең үздік ойыншысы Месси атанып келіп еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!