«Барыс» мәскеулік «Динамоны» еш қиындықсыз ұтты

Фотография - «Барыс» мәскеулік «Динамоны» еш қиындықсыз ұтты

Қазақстандық «Барыс» Астана қаласында ҚХЛ-дың кезекті кездесуінде мәскеулік Динамоны 4-2 есебімен жеңді

160 0

Қазақстандық «Барыс» Астана қаласында ҚХЛ-дың кезекті кездесуінде мәскеулік Динамоны 4-2 есебімен жеңді. 

Қазақстандықтар есепті ойынның 6-минутында ашты. Ойынның екінші кезеңінде Брэндон Боченски лигадағы жиырмасыншы голын соғып, есепті еселей түсті.

Астаналықтар осымен үшінші мәрте Гагарин кубогын иеленген команданы жеңіп отыр. Алдымен «Ақ барыс», сосын «Салават Юлаев» пен «Динамо». Келесі кездесуде, яғни 17 ақпанда «Барыс» питерлік СКА-мен ойнайды.


"Барыс" (Астана) - "Динамо" (Мәскеу) - 4:2 (1:0;1:0;2:2)

Голдар:

1:0 - 05:25. Вадим Краснослободцев

2:0 - 32:21. Брэндон Боченски

3:0 - 43:02. Константин Руденко

4:0 - 56:24. Талгат Жайлауов

4:1 - 58:45. Алексей Цветков

4:2 - 59:59. Илья Горохов


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!