Күрес 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасына енбей қалуы мүмкін

Фотография - Күрес 2020 жылы өтетін Олимпиада бағдарламасына енбей қалуы мүмкін

Отырыста төрт жылдықтың басты спорттық бәскесенің бағдарламасында тұрған 26 спорт түрі жеке жеке талданып, әр қайсысына 30 түрлі сын айтылған

154 0

Күрес 2020 жылы өтетін олимпиада бағдарламасына енбей қалуы кәдік. Өйткені, Лозанда өткен халықаралық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің оытырысында осындай ұысыныс тасталды.

Отырыста төрт жылдықтың басты спорттық бәскесенің бағдарламасында тұрған 26 спорт түрі жеке жеке талданып, әр қайсысына 30 түрлі сын айтылған. Ерекше талқыланған сегіздіктің ішінде күрес те бар. Сәйкесінше грек-рим, еркін және әйелдер күресінің тағдарына қыл үстінде. Осыған орай ФИЛА ертең шұғыл жиын өткізбек. Әлемнің 117 елінде халықаралық күрес федерациясының өкілдігі бар. Қазақ балуандары да спорттың бұл түрінің олимпиада бағдарламасынан алынуына үзілді кесілді қарсы.

Гюзель Манюрова, Еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері:

Шынымды айтсам, тіпті күлкілі. Осындай ұсыныс тастаған адамдар тарихты, олимпиада ойындарының неден бастау алғанын білмейтін де болар. Күрес олимпиадамен бірге өмір сүріп келеді. Онда күресті алып тастап, ерлер арасында синхронды жүзу немесе көркем гимнастиканы қоссын!


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!