Қазақстандықтар Венгриядан жеңіспен оралды

Фотография - Қазақстандықтар Венгриядан жеңіспен оралды

Венгрияда өткен "Иштван Боскайдың мемориалы" 57-халықаралық турнирінен қазақстандық 6 боксшы қанжығаларына 5 медаль байлап қайтты. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады

213 0

Венгрияда өткен "Иштван Боскайдың мемориалы" 57-халықаралық турнирінен қазақстандық 6 боксшы қанжығаларына 5 медаль байлап қайтты. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"23 елден келген спортшылардың арасынан 52 келіге дейінгі категорияда бақ сынаған қазақстандық спортшы Азат Махметов алтын медальға ие болады. Тағы бір отандас спортшымыз Мерим Нұрсұлтанов күміс жүлдеге ие болды. Мерим 69 келіге дейінге категорияда күш сынасты", - делінген таратылған ақпаратта.

56 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Рустам Рустамовқа, Олжас Букаевқа (+91 кг) және Ерік Әлжановқа (75 кг) қола жүлде бұйырды. Айта кетелік, соңғы аталған спортшы Олжас Букаев жартылай финалда Ресей және Еуропа чемпионы Могамед Омаровтан жеңіліп қалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!