Әлем маусым айынан бастап толықтай шлемсіз боксқа көшеді

Фотография - Әлем маусым айынан бастап толықтай шлемсіз боксқа көшеді

Әлем боксы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап шлемсіз жекпе-жекке көшеді. Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан 4 елдің жолдастық кездесуі алдындағы баспасөз мәжілісінде айтылды

115 0

Әлем боксы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап шлемсіз жекпе-жекке көшеді. Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан 4 елдің жолдастық кездесуі алдындағы баспасөз мәжілісінде айтылды. 

"АИБА шешімі бойынша 1 маусымнан бастап барлық жарыстар шлемсіз өткізілетін болады. Бұл тек қана бокстың сәнін келтіреді" деді Әзірбайжан құрамасының бас бапкері Владимир Золоторев.

Украинаның бапкері Дмитрий Сосновский болса жарақаттар шлем киіп ойнаса да болатындығын айтады. "Кәсіпқой боксшылар шлемсіз 12 раунд жұдырықтасады және жарақат аз. Әуесқойда небәрі 3 раунд. Жарақаттар бұрында да болатын, одан қорқудың қажеті жоқ деді ол.

Айта кетейік, былтырғы жылдың караша айында өткен Қазақстан біріншілігі шлемсіз өткен болатын.

Кездесулердің тартысты әрі қызық болғанын көрермендер де, бапкерлер де мойындап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!