Шаңғышылар төменге құлдилай алмай әлек

Фотография - Шаңғышылар төменге құлдилай алмай әлек

Бұл күндері Аустрияның Шладминг қаласында тау шаңғысынан әлем біріншілігі өтуде. Өкінішке қарай, дүние­жү­зілік дода қазақстандық спорт­шы­лар үшін сәтті болмай тұр

223 0

Бұл күндері Аустрияның Шладминг қаласында тау шаңғысынан әлем біріншілігі өтуде. Өкінішке қарай, дүние­жү­зілік дода қазақстандық спорт­шы­лар үшін сәтті болмай тұр.

Алдымен айта кетейік, ақпанның 5-і күні басталған әлем чемпионатына қазақ­стандықтардан Дмитрий Кошкин, Игорь Закурдаев, Мартин Хубер, Тарас Пименов және Людмила Федотова аттанған. Бірақ жерлестеріміздің ешқайсысы желпіне алар емес. Мәселен, өз жерімізде өткен жетінші қысқы Азия ойындарында алдына жан салмаған Людмила Федотова өзі қатысқан жарыстарда үздіктер қатарынан көріну былай тұрсын, мәреге жете алмай пұшай­ман болды. Нәтижесінде іріктеу кезеңінен өте алмай, кейінгі жарыстарға қатысқан да жоқ.

Жігіттеріміздің де көрсеткіштері жетісіп тұрған жоқ. Мәселен, супергигант бағдар­ла­масына төрт спортшымыз да қатысқан. Бірақ Кошкин мәреге жете алмаса, Тарас Пименов 58-інші, Игорь Закурдаев 54-інші, Мартин Хубер 47-орынға орналасты. Төмен құлдилауда да көш соңында қалдық. Өзгелерін айтпай-ақ қоялық, жер­лестерімізден ең үздік көрсеткішке ие болған Игорь Закурдаевтың 80 спорт­шы­ның ішінде 68-орыннан көрінгенінің өзі басқа жігіттеріміздің шамасынан хабар беріп тұрғандай.

Иә, әлем чемпионатында спорт­шы­лардың санын арттырып қана жүрген жер­лес­теріміздің әзірге әлеуеттері осындай. Ал дүниежүзілік дода осы айдың 17-сіне дейін жалғасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!