Боксшы Ермек Серіковты өлтірген қылмыскер түрмеде көз жұмды

Фотография - Боксшы Ермек Серіковты өлтірген қылмыскер түрмеде көз жұмды

Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК 159/18 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Владимир Шепин көз жұмды.

464 0

Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы АК 159/18 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Владимир Шепин көз жұмды. Ол 2009 жылы бокстан Азия чемпионы Ермек Серіковты өлтірді деп айыпталып, сотта кінәсі дәлелденген болатын.

Аталған агенттікке жұма күні Шепиннің туыстары хабарласып, оның кешегі аптаның жексенбісінде белгісіз жағдайларда қайтыс болғандығын айтқан. Облыстың қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер бұл ақпарды растады.

«Қылмыстық кодекстің 103 бабы «Адам өліміне алып келген дене жарақатын түсіру» бойынша сотталған Владимир Шепин (1977 жылы туған) жүрегі тоқтап қайтыс болған. Оның өлімінде ешқандай қылмыстың ізі жоқ» делінген облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қоғаммен байланыс бөлімі мамандары «ИФ-Қазақстан» агенттігіне берген мәліметінде.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылдың тамызында Шахтинск қаласының маңында Шепин мен бір топ жас азаматтар арасында төбелес болған. Топтың ішінде белгілі боксшы, Азия чемпионы Ермек Серіков те болған. Ермек алдымен Шепинді ұрып құлатқан. Есін әзер жиған ол көлігінен қару алып, боксшының жамбас тұсынан атады. Жарақат алған Е.Серіков бір күн өткен соң ауруханада көз жұмды.

Тәртіп сақшылары қылмыскерді тек екі жыл өткеннен кейін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қолға түсірген. Сот кезінде Шепин өзін қорғау үшін қару қолданғандығын айтты. Сондай-ақ, ол қайтыс болған боксшының туыстары тарапынан қорқытып қоңырау шалатындардың жиілеп кеткендігін де мәлімдеп еді.


Тегтер:

боксшы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!