Месси үш жүзінші голын салды

Фотография - Месси үш жүзінші голын салды

Аргентина шабуылшысы Лионель Месси «Гранадамен» болған ойында «Барселона» үшін салған голдарының санын үш жүзден асырды

174 0

Аргентина шабуылшысы Лионель Месси «Гранадамен» болған ойында «Барселона» үшін салған голдарының санын үш жүзден асырды.

Аталған ойын каталондықтар үшін сәтті басталды деп айтуға келмейді. Ойынның алғашқы жартысы алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. «Барселона» тек әлемнің үздік ойыншысының арқасында үш ұпайға қол жеткізе алды. Кездесудің елу және жетпіс үшінші минутында қос гол салған Месси командасына маңызды үш ұпаймен қатар өзінің «Барселона» үшін салған голдар санын үш жүзден асыра алды.

Соныммен қатар, Месси Испания біріншілігі аясында он төрт ойын қатарынан гол салған тұңғыш ойыншы ретінде тіркелді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!