Мал ұрлағандар масқара болмақшы

Фотография -  Мал ұрлағандар масқара болмақшы

Атырауда мал ұрлығын кәсіп еткендер «жұлдыз» болатын болды. Жуықта мал ұрлығымен айналысқан барымташылардың суреттері үлкен плакаттарға шығып, халық назарын өздеріне аударатын болады

219 0

Атырауда мал ұрлығын кәсіп еткендер «жұлдыз» болатын болды. Жуықта мал ұрлығымен айналысқан барымташылардың суреттері үлкен плакаттарға шығып, халық назарын өздеріне аударатын болады.

Мұнайлы Мақат ауданына кезекті сапармен барған аймақ басшысы Бақ­тықожа Ізмұхамбетов аудан тұрғын­дарымен болған жүздесуде Облыстық ішкі істер департаментінің арнайы «ма­зақ» плакаттарын көшеге ілуге ұсыныс енгізгенін хабарлады.

Мақат ауданының қылмыстық жағ­дайы сөз болған жиында облыс басшысы Б.Ізмұхамбетов:

– Мақат ауданында мал ұрлау қыл­мысы үш есе өскен. Барлық ауданда болып, мал ұрлаушыларға қатаң шара қолданылатындығын айтып келе жатырмын. Бүгінгі активте де Облыс­тық ішкі істер департаменті бас­ты­ғының орынбасарына мал ұрлаушы­ның суреті ілінген және өмірбаяны жазыл­ған арнайы «мазақ» плакатын дайын­дауды тапсырамын. Бұл пла­кат­тар көшелерде ілініп тұратын болады. Мал ұрлаушының отбасы мен ағайын­дары оны көріп ұялсын, – деді облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл – ұрлау қылмысымен күрестің ең тиім­ді жолы.  Атырау ОІІД-ның ресми өкілі Гүл­нәзира Мұхтарованың айтуынша, өткен жылы Атырау облысында мал ұрлығына қатысты 252 оқиға тір­келген. Осы оқиғаларға байланысты 217 қылмыстық іс қозғалып, 98 қыл­мыстық іс сотқа жолданған. 2011-2012 жылдары мал ұрлығын жасаушы тарап пен мал иесі арасындағы өзара келісім нәти­же­сінде 150 қылмыстық іс тоқтатылған.

Ал ағымдағы жыл басынан бері малы ұрланған азаматтардан 21 арыз түскен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!