Украинадан үстем түстік

Фотография - Украинадан үстем түстік

Астанада бокс жанкүйерлерінің дегбірін алған «Төрт ел турнирі» аяқталды. Соңғы кездесуде Қазақстан боксшылары Украина ұландарымен кездесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті

142 0

Астанада бокс жанкүйерлерінің дегбірін алған «Төрт ел турнирі» аяқталды. Соңғы кездесуде Қазақстан боксшылары Украина ұландарымен кездесіп, 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының бапкерлері кейбір салмақтағы жігіттерімізді алмастырып, басқаларға да мүмкіндік берді. Жігітердің барлығы дерлік сенімді ақтап шықты.

Тек 75 келідегі  Жәнібек Әлімханұлы аса тәжірибелі қарсыласына төтеп бере алмай қалды. Евгений Хитров Украина құрамасының өзіне сенім артып, небір үздіктерге да көз қырын салмай жүрген құрметтеріне осындай жеңіс сыйлады.

Өкінішке қарай, біздің өрімдей жас талантымыз жеңіліске ұшырады. Негізі, осы екеуінің арасындағы айқас өте тартысты болады деп күтіп едік...

Басқа салмақтағы жігіттер сенім үдесінен шығып, қарсыластарынан басым түсті. Бұл турнир туралы сараптамаларды алдағы уақытта оқитын боласыздар.

Қазақстан – Украина – 9:1

49 келі: Біржан Жақыпов – Назар Куротчин – WO

(жеңіс Жақыповқа берілді, қарсыласы рингке шыққан жоқ)

52 келі: Ілияс Сүлейменов – Александр Шепелюк – 19:8

56 келі: Қайрат Ерәлиев – Олег Прудкий – 18:12

60 келі: Ғани Жайлауов – Павел Ищенко – 11:9

64 келі: Айдар Әмірзақов – Олег Неклюдов – 17:8

69 келі: Бақытжан Қожабеков – Денис Лазарев – 19:9

75 келі: Жәнібек Әлімханұлы – Евгений Хитров – KO R1 (Хитров жеңді)

81 келі: Әділбек Ниязымбетов – Иван Нестеренко – RSC R3 (Ниязымбетов жеңді)

91 келі: Антон Пинчук – Арсен Азизов – 25:11

+91 келі: Иван Дычко – Владимир Кацук – 19:3


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!