«Астана» велокомандасы Испаниядағы жарысқа қатысуда

Фотография - «Астана» велокомандасы Испаниядағы жарысқа қатысуда

Испанияда 17-21 ақпан күндері велоспорттан «Рута дель Соль» жарысы өтеді

223 0

Испанияда 17-21 ақпан күндері велоспорттан «Рута дель Соль» жарысы өтеді.

Онда қазақстандық кәсіпқой «Pro Team Astana» велоклубынан  6 шабандоз қатысуда. Кеше 6 шақырымдық беташар сында даниялық Якоб Фульсанг - 14-ші, швециялық Фредрик Кессякофф - 15-ші, словениялық Янец Брайкович - 29-шы, бельгиялық  Кевин Зеельдрейерс - 71-ші, италияндық Франческо Гавацци - 96-шы және оның отандасы Энрико Гаспаратто 112-ші орында келді.

«Астаналықтардың» баспасөз қызметінен хабарлағандай, Янец Брайкович  жолдың бірінші жартысында командалық әріптестеріне қарағанда жылдам болған.  Кадис шығанағындағы Сан Фернандо айлағын бойлай өткен жарыс жолында кездесетін 8 бірдей айналмалы жолды жаңбыр жауып тұрғанда  жоғарғы жылдамдықта жүріп өту тым қауіпті. Сондықтан  ол жарты жолда жылдамдығын төмендетуге мәжбүр болды.

Ал беташар сынды испан өкілі Алехандро Вальверде  жеңіп, ол дүйсенбі күнгі алғашқы кезеңді жеңімпаз жидесін киіп бастайды.

Бүгін енді 130 шақырымға созылған жарыс жолында спортшылар бір санатқа жатқызылған тауды бағындырмақ. Ал мәре таудан төмен қарай құлдилайтын жолда Убрикеде белгіленген. Егер барлығы ойдағыдай болса, астаналықтар бұл жолы шабуылға көшпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!