Бейжің Олимпиадасының жүлдегері абайсызда тапаншадан оқ атып, өзін-өзі жарақаттады

Фотография - Бейжің Олимпиадасының жүлдегері абайсызда тапаншадан оқ атып, өзін-өзі жарақаттады

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен күміс жүлде иегері атанған ресейлік спортшы Бахтияр Ахмедов бөгде адамның атына тіркелген тапаншадан оқ атып өзі жарақат алды

304 0

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен күміс жүлде иегері атанған ресейлік спортшы Бахтияр Ахмедов бөгде адамның атына тіркелген тапаншадан оқ атып өзі жарақат алды. Бұл туралы Дағыстанның ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Ахмедов қаруды ұстап отырып абайсызда атып қалғанға ұқсайды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Ахмедов кеше күндіз Махачкаланың ауруханасына жеткізілген болатын. Спортшыға ота жасалды, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!