Мадридтік "Атлетико" Гомеске қызығушылық танытып отыр

Фотография - Мадридтік "Атлетико" Гомеске қызығушылық танытып отыр

Мюнхендік "Бавария" командасының шабуылшысы Марио Гомеске мадридтік "Атлетико" командасы қызығушылық танытып отыр

234 0

Мюнхендік "Бавария" командасының шабуылшысы Марио Гомеске мадридтік "Атлетико" командасы қызығушылық танытып отыр. Бұл турасында испандық "AS"  басылымы хабарлайды.

Германия құрамасының ойыншысына "Атлетико" басшылығы жайдан-жай қызығушылық танытып отырған жоқ. Жаз күні командамен қош айтысатын Радамель Фалькаоның орнын ауыстыратын тіс қаққан шабуылшы қарастырылуда.

Өткен маусымда "Бавария" сапында жасындай жарқылдаған ойыншының биылғы маусымда салы суға кеткендей болып тұр. Командалас әріптесі Марио Манджукичке негізгі құрамды беріп қойған 27 жастағы ойыншы ара-тұра ғана ойынға араласып келеді. Германия чемпионатының 2012/13-маусымында  бар-жоғы 10 ойын өткізіп, үш-ақ гол соға алыпты.

Сонымен қатар, егер алда-жалда дортмундық "Боруссияның" форворды Роберт Левандовски мюнхендік клубқа ауысуға келісім берер болса, онда Гоместің тез арада Испанияға қоныс аударуы әбден мүмкін.

Фалькаоға бүгінгі таңда көптеген еуропалық алпауыт клубтар қызығушылық танытуда. БАҚ өкілдері таратып отырған ақпаратқа сенсек, қазіргі таңда мадридтік "Реал" мен "Челси", "Манчестер Сити" секілді ағылшын клубтары құда түсуге әзір болып отырған сыңайлы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!