Петропавлда қазақ күресінің жеңімпазы автокөлікке ие болды

Фотография - Петропавлда қазақ күресінің жеңімпазы автокөлікке ие болды

Петропавлда өткен қазақ күресі жарысында тараздық спортшы жеңімпаз атанып, сыйлыққа «Лада Гранта» автокөлігін алды

185 0

Петропавлда өткен қазақ күресі жарысында тараздық спортшы жеңімпаз атанып, сыйлыққа «Лада Гранта» автокөлігін алды» деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Петропавл қаласында Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры, спорт ардагері Есләмбек Бекмурзиннің 60 жылдығы құрметіне арналып қазақ күресінен жарыс өтті. Спорттық шараны қала әкімі, Күрес ассоциациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша президенті Болат Жұмабеков құттықтау сөзбен ашты.

Жарыста республика аймағының және Еуропа, Азия, Әлем чемпиондары күш сынасты. Сондай-ақ, елдің 9 облысынан қатысқан спортшылар боз кілемде 5 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, кіл мықтыны анықтады. Нәтижесінде, жарыс барысында жауыры жер иіскемеген жеңімпаз ретінде «Қазақ барысы» атағының иегері - Бейбіт Ыстыбаев танылды.     


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!