Жігіттер жарамады

Фотография - Жігіттер жарамады

Иранда өтіп жатқан грек-рим күресінен Әлем кубогы бәсекесінде Қазақстан құрамасы 7-8 орындар үшін таласады

138 0

Иранда өтіп жатқан грек-рим күресінен Әлем кубогы бәсекесінде Қазақстан құрамасы 7-8 орындар үшін таласады. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. Кеше Таңат Сағындықов баптайтын құрама Венгрия жігіттерін 4:3 есебімен жеңген болатын. 55 келідегі Жансерік Сәрсенбиев, 60 келідегі Алмат Кебіспаев, 74 келідегі Досжан Кәртіков және 120 келідегі Нұрмахан Тінәлиевтер өз белдесулерін жеңіспен аяқтаған. Алайда, келесі кездесулерде біздің жігіттер жеңілістен көз ашпады.

Атап айтар болсақ, Иран құрамасымен өткен екінші кездесуде біздің жігіттер тарапынан 60 келідегі Ербол Киікбаев ғана қарсыласын жеңе алды. Түркия құрамасына қарсы өткен матчта 55 келідегі Жансерік Сәрсенбиев біздің құрамаға бір ұпай әперді де, қалғандары тегіс ұтылды.

Бүгін Қазақстан құрамасы  Оңтүстік Корея балуандарымен 7-8 орындар үшін таласады.

Әлем кубогының алтын жүлдесі үшін Ресей мен Түркия балуандары белдессе, 3-4 орындар үшін Армения мен Иран, 5-6 орындар үшін Белорусь пен Әзірбайжан, 9-10 орындар үшін Венгрия мен Болгария құрамалары кілемге шығады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!