«Мәскеу түбіндегі шайқас»

Фотография - «Мәскеу түбіндегі шайқас»

Ережесіз жекпе-жекті серік еткен жерлестеріміздің мықтылығын бұл күндері майталман мамандардың өздері мойындап отыр. Оған дәлел – қазақтың қайсар жігіттері шетелде өтетін жарыстарға жиі-жиі шақырылуда

784 0

Ережесіз жекпе-жекті серік еткен жерлестеріміздің мықтылығын бұл күндері майталман мамандардың өздері мойындап отыр. Оған дәлел – қазақтың қайсар жігіттері шетелде өтетін жарыстарға жиі-жиі шақырылуда.

Жуырда Ресейдің астанасында өте­тін «Мәскеу түбіндегі шайқас» деп ата­ла­тын дүбірлі додаға тағы бір ­ шақырту алды. Ол – Ермек Тілеуов. Бұған дейін грек-рим күресін серік еткен бұл жігіт ережесіз жекпе-жек­ке осыдан үш-төрт жыл бұрын ден қойды. Бұл ретте өзінің мықтылығын мойындатты. Осыдан бірер ай бұрын Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде өткен байрақты бәсе­ке­нің ақтық сынында Ермек еліміздің беткеұс­тар спортшыларының бірі Нари­ман Мұсаевпен айқасқан болатын. На­риман АҚШ пен Жапонияда жұды­рық­тасып үлгерген нағыз көкжалдың өзі. Сол мық­тыдан қаймықпаған Тараз­дың тастүлегі әйгілі қарсыласын небары 10 секундтың ішінде ұрып жықты. Сол кез­де барша жанкүйерлер қазақ спорт­шысының қайсарлығына риза болып, құлшына қол соқты.

Міне, сол орта салмақтылар арасын­да күш сынасып жүрген Ермек Тілеуов жуырда ғана Мәскеудегі бәсекені ұйым­дастырушылардан шақырту алды. Осы аптаның аяғында өтетін турнирден «Ре­сей – 2» арнасы арқылы тікелей репор­таж жүргізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін бірде-бір қазақстандық спортшыға аталмыш жарыста бақ сынау бақыты бұйырмаған екен. Олай болса, қандасымызға сәттілік тілейік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!