Болгарияға бес боксшы аттанды

Фотография - Болгарияға бес боксшы аттанды

Бүгін бокстан дәстүрлі "Странджа 2013" халықаралық турнирі басталады.  Осымен 64-і рет өтетін бәсекеге әлемнің 10 мемлекетінен боксшылар қатысады деп күтілуде

133 0

Бүгін бокстан дәстүрлі "Странджа 2013" халықаралық турнирі басталады.  Осымен 64-і рет өтетін бәсекеге әлемнің 10 мемлекетінен боксшылар қатысады деп күтілуде. Болгария астанасы Софияда жалауы желбірейтін сайысқа Қазақстан құрамасының бес боксшысы аттанды.

Олар:

49 келі - Теміртас Жүсіпов

60 келі - Ғани Жайлауов

64 келі - Айдар Әмірзақов

69 келі - Бақытжан Қожабеков

+91 келі - Жан Кособуцкий

Іріктеу бәсекелері ақпанның 20-21 күндері өтсе, жартылай финалдық матчтар ақпан айының 22-і жұлдызына жоспарланған. Ал, "Странджа" турнирінің жеңімпаздары 22-і ақпан күні анықталады.

Былтыр аталған турнирде Қазақстан құрамамының боксшылары екі жүлдемен оралған. 64 келіде Алмасбек Әлібеков күміс жүлдегер атанса, 75 келіде Нұрдәулет Жарманов қоланы қанағат тұтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!