Астанада әйелдер арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Фотография - Астанада әйелдер арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

деп хабарлады Қазақстан Республикасының Шахмат федерациясынан.

191 0

Чемпионатқа Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының қорытындысы бойынша үздік атанған үш құрама, Құрлық чемпионы атанған бес құрама, ұйымдастырушы тараптың командасы және ереже бойынша FIDЕ президенті таңдаған бір команда, яғни әлемнің күшті деген командалары қатысады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Шахмат федерациясынан.

Әлем біріншілігі 2-12 наурыз аралығында өтеді. Астанаға әлемнің 10 елінен: Қытай, Ресей, Украина, АҚШ, Үндістан, Франция, Түркия, Грузия, Румыния және Қазақстан елдерінен мықты деген 50 шахматшы жиналады. Әр команда 5 ойыншыдан тұрады. Турнир классикалық ереже бойынша өтеді: 40 жүріске 90 минут уақыт және әр қатысушыға партияның соңына дейін жарты сағат уақыт плюс әр жүріс үшін 30 секунд уақыт.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әйелдер арасында командалық әлем чемпионатын өткізу құқығына өткен жылдың қыркүйек айында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDЕ) Бас Ассамблеясында ие болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!