«Милан» «Барселонаны» белден басты

Фотография - «Милан» «Барселонаны» белден басты

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындарының алғашқы кездесулері аяқталды

123 0

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындарының алғашқы кездесулері аяқталды. «Миланға» қонаққа келген каталондықтар күтпеген жерден жеңіліс тапты. Хави,Иньеста, Мессилер мандытып ештеме бітіре алмады.Қайта  миландықтардың сапында  ойнайтын Гана футболшылары жарады.

«МИЛАН» (Италия) – «БАРСЕЛОНА» (Испания). 2-0 (0:0).

Милан қаласы, «Сан-Сиро» алаңы. Ойынның бас төрешісі-Крэйг Томсон (Шотландия).

Голдар:Боатенг 57 (1:0),Мунтари 81 (2:0).

«МИЛАН»:Кристиан Аббьяти, Иньяцио Абате, Филипп Мексес, Кристиан Сапата, Кевин Констант, Салли Мунтари, Массимо Амброзини, Риккардо Монтоливо, Кевин-Принс Боатенг,Джампаоло Паццини 75 (Мбайе Ньянг), Стефан Әл-Шаарави 87 (Бакайе Траоре).

«БАРСЕЛОНА»:Виктор Вальдес, Даниэл Алвес, Херард Пике, Карлес Пцоль 88 (Хавьер Маскерано), Хорди Альба, Серхио Бускетс, Хави, Сеск Фабрегас 62 (Алексис Санчес), Андрес Иньеста, Леонель Месси, Педро.

Сары қағаз алғандар:Филипп Мексес 25, Бакайе Траоре 90- Серхио Бускетс 54, Херард Пике 57.

«Галатарсарай» өз жағдайын қиындатып алды. Ішкі біріншілігінде кім көрінгенге жол беріп жүрген «Шальке» түріктер үшін үлкен кедергі болатынға ұқсайды. Командаға жаңадан қосылған Дрогба мен Снейдер де көсіле алмады.

«ГАЛАТАСАРАЙ» (Түркия) – «ШАЛЬКЕ» (Германия).1-1(1:1).

Стамбұл қаласы, «Әли Сами Йен» алаңы. Бас қазы-Уильям Коллам (Шотландия).

Голдар:Бурак Йылмаз 12 (1:0),Джермейн Джонс 45(1:1).

«ГАЛАТАСАРАЙ»:Фернандо Муслера, Сабри Сарыоглу 84 (Умут Булут), Семих Кайя, Дани Нункеу, Альберт Риера,Фелипе Мело, Хамит Алтынтоп 66 (Эммануэль Эбуэ), Сельчук Инан, Уэсли Снейдер 46 (Нордин Амрабат), Дидье Дрогба, Бурак Йылмаз.

«ШАЛЬКЕ»:Тимо Хильдебранд, Марко Хегер, Бенедикт Хеведес, Жоэль Матип, Сеад Коласинац, Джермейн Джонс, Роман Нойштэдтер, Юлиан Дракслер 84 (Транкильо Барнетта), Мишел Бастос, Джефферсон Фарфан, Класс-Ян Хунтелар 75 (Теему Пукки).

Сары қағаз алғандар:Фернандо Муслера 17, Нордин Амрабат 48, Дани Нункеу 68, Сельчук Инан 90- Джермейн Джонс 35, Сеад Коласинац 78,Марко Хегер 87.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!