"Странджа" сәтті басталды

Фотография - "Странджа" сәтті басталды

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа 2013" турнирін қазақ боксшылары сәтті бастады

238 0

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа 2013" турнирін қазақ боксшылары сәтті бастады. Кеше күндізгі бөлімде өнеркөрсеткен 69 келі салмақтағы Бақытжан Қожабеков украиналық  Евгений Рамашкевичті 12:8 есебімен қапы қалдырды. Жерлесіміздің ендігі қарсыласы  - ресейлік Ислам Едисултанов, Ал, ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий Италиядан келген Гвида Вианеллаға амал қалдырған жоқ. Есеп 24:11. Жанның ендігі қарсыласы украина боксшысы Евгений Плевако болмақ.

Кеші бағдарламада шаршы алаңға шыққан жеңіл салмақтағы өкіліміз  Теміртас Жүсіпов украиналық Денис Козарукты 18:7 есебімен жеңді. Теміртастың ертеңгі қарсыласы - белорус Вадим Кириленко.

Бүгін Бақытжан Қожабековтен бөлек, 60 келідегі Ғани Жайлауов пен 64 келідегі Айдар Әмірзақов алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!